Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша өткізілген
мәжілістің
ХАТТАМАСЫ
Шымкент қаласы 14.07.2017 жыл
Төрағалық етуші: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары М.Нышамбаев.
Қатысқандар: Бөлімнің қызметкерлері және бөлімге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Барлығы 80 адам.
Өткен орны: Шымкент қаласы, Ә.Жангелді көшесі 13 «а» үйде орналасқан Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты.
Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау.
Жиналысты Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары М.Нышамбаев ашты:
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарды насихаттау және ілгерлету бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы жыл басындағы халыққа Жолдауында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар»-екендігін айта келіп.
Елбасы – «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» - деген Елбасының сөздерін назарларыңызға жеткізе отырып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар және саясаттану кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты профессор Мажинбеков Сәкен Аралбайұлына сөз бергім келеді.
Лексия оқылып болғаннан кейін жиналысқа қатысушылармен пікір алмасу және сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.
Бөлім басшысының орынбасары М.Нышамбаев
Хатшы: Г.Кенелбай
Сайттан іздеу 





