Жиі қойылатын сұрақтар18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын қалай алуға болады? 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы отбасының жиынтық табысы жан басына шаққандағы табысы азық –түлік себеті құнынан төмен отбасыларына берілетін ақшалай төлем . Балаларға арналған жәрдемақы өтініш берілген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді.( 2017 жылы бір балаға бір айда 2382 (1,05 АЕК) теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады, ең төменгі күн көріс деңгейінің 20797 теңгенің 60 пайызы - азық түлік себеті құнын 12478 теңгені құрайды )
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі? Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының жиынтық табысы жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына берілетін ақшалай төлем . отбасының табысымен кедейшілік шегінің арасындағы айырма түрінде есептелінеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді ең төменгі күн көріс деңгейінің 20797 теңгенің 40 пайызы - кедейлік шегінің мөлшерін құрайды - 8319 теңге )
Тұрғын үй көмегі кімдерге тағайындалады? Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегі азқамтамасыз етілген отбасыларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төлем шығындары және тұтыну түбіртектері отбасының жиынтық табысының 10 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
«Өрлеу» пилоттық жобасы дегеніміз қандай көмек? Шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем. Бүгінгі таңға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (20797тг) 60 пайызы мөлшеріндегі азық-түлік себетінің құны 2017 жылдың 1 тоқсанына 12478 теңгені құрайды. Шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалады. және де 6 ай аралығында жобаға қатысу кезінде қайта есептеу жүргізілмейді, қайта есептеу отбасының санында өзгеріс болып жатса ғана жүргізіледі. АХАТ секторы бойынша сұрақ - жауап
Жауап: Некеге 18 жастан тұрады, дәлелді себептер болған жағдайда неке жасын 2 жасқа төмендетуге болады.
Жауап: Заңды күшіне енген сот шешімі бар болса ХҚКО арқылы немесе АХАТ бөліміне тапсырып алуға болады, неке бұзу үшін арызды кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар азаматтар сотқа береді. 18 жастан асқан баласы бар өзара келіскен азаматтар АХАТ бөліміне арызданып, неке бұза алады.
Жауап: Жаңа туған нәрестеге ата-анасының неке қию туралы куәлігі болса ХҚКО арқылы ата-анасының арызы немесе сенімхат арқылы алуға болады, ал некеге тұрмаған аналар өзінің атына Қазақстан Республикасының “Неке және (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 192 бабының талабына сәйкес, өзінің атына, ата-анасы бірлесіп берген өтініші болса әкелікті анаықтау бойынша әкесінің атына тіркеп туу туралы куәлік беруге болады. Туу туралы куәлікті тіркеу мерзімі 3 жұмыс күні. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру секторы кредит
Жауабы: Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 7% алуға болады. 2.Сұрақ: Шарттары қандай? Жауабы: Жұмыссыз азамат болу керек. Прописка қалалық болу керек. Кепілдікке қоятын үй болу керек. Он жылдық несие тарих таза болу керек.
Жауабы: 18 жастан зейнет жас аралығындағы азаматарға алуға болады.
Кәсіби оқыту және ұтқырлықты арттыру секторы БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ? Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішін ара жұмыспен қамтылғандар және өзге де Бағдарламамен бекіткен басымдықтарға сай азаматтар - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады. Бағдарламаға қатысу үшін басымдық құқықтары бар азаматтар:
Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу барысында жалған деректер ұсынған тұлғалар, Бағдарлама қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау көрсету шараларына жұмсалған шығындар құны бюджет түрде қайтарылады, қарсылық білдірген жағдайда – сот арқылы өндіріледі. 2) ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУ КЕРЕК? 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекен жай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы); 3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болғанкезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішін ара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін); 4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері; 5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешімқабылданғанкейінұсынылады). 3) Қандай оқу орындар қайта даярлау курстарына қатыса алады? Облыстық өңірлік комиссияның шешімімен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және оқу орталықтары қатыса алады.
Қоғамдық жұмыс Сұрақ : Қоғамдық жұмыс орындарына кімдер қатыса алады? Жауап: 1) жұмыссыздар; 2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары; 3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Жастар практикасы
1.Жастар практикасына бір рет қатысып қойған азамат, екінші рет қатысуға бола ма? Жауап: Жастар практикасына бір рет қатысып қойған азамат, 2-ші рет басқа мамандықпен оқып диплом алған жағдайда ғана қатысуына мүмкіншілігі бар. 2.Жастар практикасына қай жасқа дейінгі жастар қатыса алады? Жауап: 29 жастан аспауы керек.
Жауап: Өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуі шарт. |
|
|||||||||||