Бас бет » Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                          С. Ахметов

3 Қараша, 2016 ж.   оқығандар саны-66
Әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіптік мерекесі күніне орай «Алғыс хаттары» табыс етілді
22 Шілде, 2016 ж.   оқығандар саны-131
Хабарландыру
26 Маусым, 2016 ж.   оқығандар саны-134
2016 жылы 24 маусымда Шымкент қаласы «Орталық саябақта» өткен «Мүмкінділігі шектеулі және жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы мәлімет
28 Сәуір, 2016 ж.   оқығандар саны-134
КОНКУРС! Мумкіншілігі шектеулі жанды қорғай білейік
13 Қаңтар, 2016 ж.   оқығандар саны-166
К Сведению жителей города!
© 2017, Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Содбисистемс -де өңделген