Бас бет » «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

Шымкент қаласы әкімдігінің
«20» желтоқсан 2012 жылғы
№1243 қаулысымен бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерін, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi алқасының шешiмдерi мен бұйрықтарын, Әкiмнiң шешiмдерiн, басқа да нормативтiк актілерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Шымкент қаласы әкімдігімен бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Төлеби көшесі, 21 үй, индексі 160011.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Шымкент қаласында еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатын іске асыру болып табылады.

14. Міндеттері:

1) азаматтарды жұмысқа орналастыруға, жұмыссыздарды оқытуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы);

2) Еңбек рыногының жағдайына талдау мен болжам жасау, осының негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың перспективалық және ағымдағы бағдарламаларына ұсыныстар әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету. Еңбек рыногы бойынша дерекқор қалыптастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 9) тармақшасы, 4-бабының 2 тармағы, 11) тармақшасы);

3) халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту саласында аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру ()

3) Мүгедектерге арналған 3 пайыздық және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына белгіленген квоталардың орындалуына бақылау жүргізу (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) 5-5) тармақшалары);

3) отбасыларды, ана мен баланы, мүгедектерді және олардың отбасы құрамын, сонмен қатар әлеуметтік көмекке мұқтаж басқада халықтың топтарын әлеуметтік қолауда мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын іске асыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағы 14) тармақшасы);

4) әлеуметтік әріптестік негізінде ұжымдың еңбек қатынастарын реттеу (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексінің 260-бабының 3) тармақшасы);

5) мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік түзеу арқылы шараларды іске асыру (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 8-юбабының 2 тармағы 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты);

15. Функциялары:

1) еңбек рыногының жағдайына талдау және болжам жасауды, қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары негiзiнде халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асырады, олардың орындалуын ұйымдастырады. Еңбек рыногының жағдайы туралы халықты, жергілiктi атқарушы мен орталық атқарушы органдарды хабарландырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 9) тармақшасы);

2) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламалары мен нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi қамтамасыз ету үшiн арнаулы іс-шараларды iске асырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 10) тармақшасы);

3) Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы);

4) өтiнiшпен барған азаматтар мен жұмыссыздарды жұмысқа тұрудың мүмкіндiгі туралы, ал жұмыс берушілердi - жұмыс күшiмен қамтамасыз етудің мүмкiндігі туралы хабарландырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 1) тармақшасы);

5) азаматтарды қабылдауды, есепке алуды және тiркеудi жүргізедi, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетедi, кәсіптiк бағдарлануда тегін қызметпен қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 2),4),5) тармақшалары);

6) жұмыссыз азаматтарды өтiнiшпен барған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей тiркейдi және оларды есепке алады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 4) тармақшасы);

7) жұмыссыздарға жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама бередi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 8) тармақшасы);

8) жұмыссыздарды олардың келісуiмен қоғамдық жұмыстарға жiбередi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қатардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының 1 тармағының 3) тармақшасы);

9) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың), оқу орындарының автоматтандырылған дерекқорын қалыптастырады және осының негiзiнде халық пен жұмыс берушілердi еңбек рыногындағы жағдай, жұмысқа орналасу және кәсiптiк оқытудың мүмкiндiктерi туралы, олардың даярлығын қамтамасыз ете отырып, толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етедi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 1 тармағы 3) тармақшасы);

10) жұмыс берушілерге, олардың меншiк нысандарына қарамастан қажеттi қызметкерлердi iрiктеуге көмек көрсетедi (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысын iске асыру туралы» бұйрығы);

11) жұмыссыз азаматтардың білiктiлiгi мен еңбек рыногының талаптарын ескере отырып, оларды кәсiптiк оқытуды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қатардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының 1 тармағының 2) тармақшасы);

12) мынадай ұсыныстарды әзiрлейдi және жергілiкті атқарушы органдардың қарауына ұсынады:

Шымкент қаласында тұратын халықтың нысаналы топтары мен оларды қорғау жөнiндегі әлеуметтiк шараларды, сонымен қатар қосымша шараларды анықтау туралы ұсыныстар (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы); олардың аумақтарында орналасқан ұйымдарда ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу туралы ұсыныстар (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабының 2 тармағы 2) тармақшасы);

13) қаланың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуда жәрдем беру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2 тармағы);

14) ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды жүргiзу жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды iрiктеудi жүзеге асырады, ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды жүргiзуге, жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуға шарт жасасады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қатардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының 1 тармағының 2), 3) тармақшалары);

15) халықтың және заңды тұлғалардың арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi, белгiленген тәртiппен өздерiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдары мен жеке өтiнiштерiн қарайды (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы);

16) республикадағы басқа аймақтардың уәкілеттi органдарымен тәжiрибе алмасады, жұмыспен қамту мәселелерi бойынша семинар, консультациялар өткiзедi (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысын iске асыру туралы» бұйрығы);

17) еңбек делдалдығымен айналысатын жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен, жұмыс берушiлермен жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және республикалық, аймақтық жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi жөнiнде бiрлесiп әрекет етедi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 10-бабының 3 тармағы);

18) «Бос жұмыс орындарының жәрменкесін және/немес көрмесін» ұйымдастыру жолымен жұмыспен қамту бойынша шараларды өткізеді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы);

19) кәмелетке толған сот шешімімен қабілетке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған және денсаулығының жай күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілгі адамдардың арызы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 119, 120, 121, 122, 123, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132 баптары);

20) халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы), орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысын (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 1-бабының 1) тармақшасының 3 абзацы, 3) тармақшасы, 4-бабының 1 тармағы 3) тармақшасы, 2 тармағы, 5-бабының 1 тармағы 6) тармақшасы, 6-бабының 3 тармағы, 9-бабының, 10-бабы 1 тармағының 3) тармақшасы, 10-бабы 2 тармағы) және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы) уақытылы және дұрыс тағайындау, тұрмысы төмен азаматтардың ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;

21) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн және соларға теңестiрiлген адамдарды, мүгедектерді және басқада халықтың әлеуметтік осал топтарды әлеуметтік қорғау төңірегінде заңнаманы іске асыру (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қаулысы);

22) Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 56-бабы);

23) Шымкент қаласында тұрақты тұратын 1топтағы және мұқтаж ІІ топтағы жүріп- тұруы қиын мүгедектерге «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» тасымалдау қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы 25-бабы 3 тармағының 2 абзацы).

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге жүктелген қажетті міндеттерді іске асыру үшін анықтамалық немесе басқада материалдарды, қортындыларды, құжаттарды қаладағы жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ ұйымдардан белгіленген тәртіпте сұрау алу (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 15-бабы 1 тармағы, 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы 2 тармағы 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 4-бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8-бабы, 1 тармағы 3) тармақшасы);

2) Еңбек келісім-шартын сақтау (жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, жұмыстар босату және басқада мәселелер кезінде) еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1167 «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы);

3) жұмыс уақытын және демалыс тәртiбiн сақтау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексінің 4-бабы)

4) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелері бойынша сот процесіне қатысу (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №411 «Азаматтық іс жүргізу кодексі» Заңының 8-бабы 1 тармағы);

5) аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған қайырымдылық шараларды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1 тармағы 14) тармақшасы)

17. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржылық қызметі:

1) заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

2) барлық әлеуметтік бағдарламалардың төлемдерін жүзеге асырады;

3) кассалық және банктік операциялар бойынша есепке алу және есебін жүргізу;

4) еңбекақыны есептейді;

5) негізгі құралдар бойынша мүліктерді түгендеу, құндылық заттарды және қаржыларды дұрыс есепке алуды бақылау және есептен шығару;

6) бюджеттік қаржыны дұрыс және тиімді пайдалануын есепке алу және бақылауды жүзеге асыру;

7) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы жоспарларын және есебін жоғары тұрған органдарға ұсыну;

3. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бірінші басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Мемлекеттік мекеме атынан іс-қимылдар жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүдесін көздеп-ұсынады;

2) барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

3) құрылтайшы шешімін жүзеге асырады;

4) Мемлекеттік мекеме атынан іс-жүргізу құқығына сенім-хат беру, сонымен қатар қайта сену құқығына сенім-хаттар беру;

5) еңбекке ақы төлеу жүйелерін, лауазымдық жалақы мөлшерін анықтайды, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

6) мәмлелердің барлық түрлері және басқада заң актілерін, келісім шарттарды жасауды, оның ішінде еңбек шарттары, жұмысқа жалдау туралы контрактілерді жетілдіреді;

7) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлігіне және қаржыларды қосқанда иелік етеді, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын тікелей басқаруды жүзеге асырады және оның жұмысының нәтижесіне жеке жауапкершілікте болады.

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

4. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

3 Қараша, 2016 ж.   оқығандар саны-29
Әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіптік мерекесі күніне орай «Алғыс хаттары» табыс етілді
22 Шілде, 2016 ж.   оқығандар саны-93
Хабарландыру
26 Маусым, 2016 ж.   оқығандар саны-104
2016 жылы 24 маусымда Шымкент қаласы «Орталық саябақта» өткен «Мүмкінділігі шектеулі және жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы мәлімет
13 Қаңтар, 2016 ж.   оқығандар саны-145
К Сведению жителей города!
© 2016, Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Содбисистемс -де өңделген