Бас бет » » Жемқорлыққа қарсы мәлімет

Шымкент қаласының әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың 1-тоқсанына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша мәлімет

 

Тақырыбы
Орындалуы
1
«Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп және құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыпта семинар-сабақтар, дөңгелек үстелдер мен мәжілістер өткізу.
«Нұр Отан» партиясы мен құқық қорғқұқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы аясында, 2015 жылдың                 31 наурыз күні мәжіліс өткізілді.
4
Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі және дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру.
Бөлімде апта сайын өткізілетін аппарат жиналысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу жөнінде тұрақты түрде қаралуда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-де «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы семинар сабақ 2015 жылдың 21 ақпанында өткізілді. Орталық қызметкерлеріне жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңының және басқа да қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік актілер және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы мен қағидалардың талаптарын, ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі жайында 15.03.2015 жылы семинар-сабақ өткізілді.
 
5
Мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру.
Қала тұрғындарының өзекті әлеуметтік сұрақтары мен шағымдары үшін интернет-конференция арқылы сұрақтарына жауап беру жоспар бойынша өткізіледі.
8
Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.
Бөлім қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында «Шымкент келбеті» газетіне 2015 жылы 30 қаңтарда «Жемқорлық белгілерін байқасаңыз хабарласыңыз»! атты мақала жарияланды.
9
Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы жүргізу, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдескен жағдайдағы жауапкершілік туралы түсіндіру.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сенім телефоны арқылы мекемеге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу үшін арнайы журнал арналған. Бөлімнің 56-63-78 сенім телефон нөмірі болып белгіленген. Сенім телефоны «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттеріне ай сайын жариялануда.
11
Билбордтарға «Сенім телефонының» нөмірлерін көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту.
Айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, бөлімнің 1-ші қабатында операциялық залының кіре берісіне жалпыға бірдей қолдетімді жерге «Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау» жәшігі орнатылған.
Бөлімнің сенім телефоны көрсетілген билбордты қаланың орталық көшелеріне ілу үшін қаржы қарастырылмаған.
 
12
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өтініштеріне, пікірлеріне арналған пошта жәшіктерінің жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде арыз-шағым жұмыстары бойынша ғимараттың 1,2 қабатына кіре берісіне жалпыға бірдей қолжетерлік жерге «Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау» жәшігі орнатылған. Ағымдағы жылда жәшікке арыз-шағымдар тіркелмеген. Азаматтарды жеке қабылдау барысында бөлімдегі әр қызметкердің алдында, «Бөлім қызметшілердің жауабына қанағаттанбаған жағдайда бөлімде жұмыс істеп тұрған арыз-шағым жәшігіне шағымдануыңызға болады»,-делінген кішкентай тақтайша орнатылған.
15
Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу.
 Бөлім басшысының міндетін атқарушы мен бөлім басшысы орынбасарларының қатысуымен 2015 жылдың 1 тоқсанына үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және азаматтардың өзекті сұрақтары бойынша облыстық «Нұр Отан» партиясында 4 рет, қалалық «Нұр Отан» партиясында 5 рет жиналыстар өткізілді.
19
Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және оған қарасты мекемелерге бөлінген жылдық қаржы 2544 195,0 мың теңге, 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 636 694,9 мың теңге игерілді.
Оның ішінде:
1.Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 2015 жылдың жоспары 1591625,0 мың теңге, игерілгені 550632,6 мың теңге.
2. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы – 2015 жылдың жоспары 103135,0 мың теңге, игерілгені 26568,6 мың теңге.
3. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі – 2015 жылдың жоспары 92263,0 мың теңге, игерілгені 21740,0 мың теңге.
4. Жұмыспен қамту орталығы – 2015 жылдың жоспары 727852,0 мың теңге, игерілгені 31484,7 мың теңге.
5. Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы – 2015 жылдың жоспары 28720,0 мың теңге, игерілгені 6269,0 мың теңге.
20
Мемлекеттік сатып алу жоспарын, конкурстар мен олардың қорытындысын ВЕБ-порталда уақытылы жариялау
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 403906,0 мың теңге, барлығы 250 мемлекеттік сатып алу жүргізілген.
Оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша 33 жарияланып, 7 өнім берушімен келісім шарт жасалып толығымен орындалды.
        Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша 2 келісім шарт түзіліп, 1 келісім шарт толығымен орындалып төленді.
       Заң нормасын қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу бойынша 72 зат ұсынылып, 18 өнім берушімен келісім шарт жасалып, толығымен орындалды.
21
Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірқатар қызмет түрлері бәсекелі ортаға берілген. Атап айтсақ, мүгедектерге гигиеналық, проьездік-ортопедиялық, сурдо-техникалық, тифло-техникалық құралдарды алу, «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» көлік қызметі, санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету, кресло-арба алу. Бөлімге 2015 жылдың 1 тоқсанында үйде оқитын 385 мүгедек балаға материалдық қамсыздандыру үшін қаржы төленді.

28 Сәуір, 2016 ж.   оқығандар саны-24
КОНКУРС! Мумкіншілігі шектеулі жанды қорғай білейік
13 Қаңтар, 2016 ж.   оқығандар саны-70
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
27 Қараша, 2015 ж.   оқығандар саны-65
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН МӘДЕНИ КЕҢЕС ҚҰРЫЛМАҚ
26 Қараша, 2015 ж.   оқығандар саны-89
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіші талқыланды
© 2016, Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Содбисистемс -де өңделген