Жиі қойылатын сұрақтар

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын қалай алуға болады?  

 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақы  отбасының жиынтық табысы  жан басына шаққандағы  табысы азық –түлік себеті құнынан  төмен  отбасыларына берілетін  ақшалай төлем .  Балаларға арналған жәрдемақы  өтініш берілген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді.( 2017 жылы  бір балаға бір айда  2382 (1,05 АЕК) теңге мөлшерінде  жәрдемақы тағайындалады,  ең төменгі күн көріс деңгейінің  20797 теңгенің 60 пайызы   -  азық түлік  себеті құнын 12478 теңгені құрайды )

 

          Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек кімдерге беріледі?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының жиынтық табысы  жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен  төмен  отбасыларына берілетін  ақшалай төлем . отбасының табысымен кедейшілік шегінің  арасындағы айырма  түрінде есептелінеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  өтініш берілген айдан бастап көмек  алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді ең төменгі күн көріс деңгейінің  20797 теңгенің 40 пайызы   -  кедейлік шегінің мөлшерін құрайды - 8319 теңге )

 

                                      Тұрғын үй көмегі кімдерге тағайындалады?

Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.

Тұрғын үй көмегі азқамтамасыз етілген отбасыларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төлем шығындары және тұтыну түбіртектері отбасының жиынтық табысының 10 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем  түрінде төленеді.

Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

 

                               «Өрлеу»  пилоттық жобасы дегеніміз  қандай көмек?

Шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы орташа  айлық табысы  ең төменгі күнкөріс деңгейің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем. 

Бүгінгі таңға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (20797тг) 60 пайызы  мөлшеріндегі азық-түлік себетінің құны 2017 жылдың                      1 тоқсанына 12478 теңгені құрайды.

Шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалады. және де 6 ай аралығында жобаға қатысу кезінде қайта есептеу жүргізілмейді, қайта есептеу  отбасының санында өзгеріс болып жатса ғана жүргізіледі.

АХАТ секторы бойынша сұрақ - жауап

  1. Сұрақ: Некеге неше жастан тұруға болады?

Жауап: Некеге 18 жастан тұрады, дәлелді себептер болған жағдайда неке жасын 2 жасқа төмендетуге болады.

  1. Сұрақ: Неке бұзу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Жауап: Заңды күшіне енген сот  шешімі бар болса ХҚКО арқылы немесе АХАТ бөліміне тапсырып алуға болады, неке бұзу үшін арызды кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар азаматтар сотқа береді. 18 жастан асқан баласы бар өзара келіскен азаматтар АХАТ бөліміне арызданып, неке бұза алады.

  1. Сұрақ: Жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Жауап: Жаңа туған нәрестеге ата-анасының неке қию туралы куәлігі болса ХҚКО арқылы ата-анасының арызы немесе сенімхат арқылы алуға болады, ал некеге тұрмаған аналар өзінің атына Қазақстан Республикасының “Неке және (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 192 бабының талабына сәйкес, өзінің атына, ата-анасы бірлесіп берген өтініші болса әкелікті анаықтау бойынша әкесінің атына тіркеп туу туралы куәлік беруге болады. Туу туралы куәлікті тіркеу мерзімі 3 жұмыс күні.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру секторы кредит   

  1. Сұрақ: 2020 бағдарламасымен несиені қандай жағдайда алуға болады?

Жауабы: Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 7% алуға болады.

2.Сұрақ: Шарттары қандай?

Жауабы: Жұмыссыз азамат болу керек. Прописка қалалық болу керек. Кепілдікке қоятын үй болу керек. Он жылдық несие тарих таза болу керек.

  1. Қандай жас аралығындағы азаматтарға алуға болады?

Жауабы: 18 жастан зейнет жас аралығындағы азаматарға алуға болады.

 

Кәсіби оқыту және ұтқырлықты арттыру секторы

БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішін ара жұмыспен қамтылғандар және өзге де Бағдарламамен бекіткен басымдықтарға сай азаматтар -  Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысу үшін басымдық құқықтары бар азаматтар:

  • Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оқуларынаяқтаған соң 1 жыл көлемінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып  түлектерін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және жоғары оқу орындарының бітірушілерін қосқанда;
  • он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • денсаулығына байланысты еңбекке жарамды мүгедектер;
  • ауылды жерлерде тұратын әйелдер;
  • зейнеткерлік жас қажеткенге дейінгі 50 жастан асқан адамдар;
  • жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;  
  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекшезиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар;
  • жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.

Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу барысында жалған деректер ұсынған тұлғалар, Бағдарлама қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау көрсету шараларына жұмсалған шығындар құны бюджет түрде қайтарылады, қарсылық білдірген жағдайда – сот арқылы өндіріледі.

2) ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУ КЕРЕК?

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекен жай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы);

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болғанкезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішін ара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін);

4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешімқабылданғанкейінұсынылады).

3) Қандай оқу орындар қайта даярлау курстарына қатыса алады?

Облыстық өңірлік комиссияның шешімімен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және оқу орталықтары қатыса алады.

 

Қоғамдық жұмыс

Сұрақ : Қоғамдық жұмыс орындарына кімдер қатыса алады?

Жауап: 1) жұмыссыздар;

    2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

    3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

 

Жастар практикасы

 

1.Жастар практикасына бір рет қатысып қойған азамат, екінші рет қатысуға бола ма?

Жауап: Жастар практикасына бір рет қатысып қойған азамат, 2-ші рет басқа мамандықпен оқып диплом алған жағдайда ғана қатысуына мүмкіншілігі бар.

2.Жастар практикасына қай жасқа дейінгі жастар қатыса алады?

Жауап: 29 жастан аспауы керек.

  1. Өз мамандығы бойынша еңбек өтілі бар жастар бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар ма?

Жауап: Өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуі шарт.

1. Сұрақ:
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде?

Жауап:
Шымкент қаласында 25000 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілде №754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің жеке оңалту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.
Бүгінгі таңда қаламызда І топ және арбадағы мүгедектерінің тиісті ем қабылдау орындарына тегін жеткізуді қамтамасыз ететін 20 әлеуметтік такси, 5 инва-такси қызметі көрсетіліп келеді. Бұған қоса, келесі жылы қала аумағының ұлғаюына орай қосымша арнайы құралдармен жабдықталған 1 автокөлік пен 5 әлеуметтік такси қызметі көрсетілетін болады.
Сондай-ақ барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын оңалту үшін өтініштері негізінде жергілікті бюджет есебінен тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Олар:
- санатории курорттарға жолдамалар беру;
- қол арбамен қамту;
- гигиеналық құралдармен қамту;
- протез - ортопедиялық құралдармен қамту;
- жеке көмекші қызметі;
- құлағы нашар еститін азаматтарға ымдау тілі мамандарының қызметі;
- құлағы нашар еститін азаматтарды сурдотехникалық құралдармен қамту;
- көзі нашар көретін азаматтарды тифлотехникалық құралдармен қамту;
- үйде әлеуметтік қызмет көрсету т.б.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарына» сәйкес, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимараттарға еркін кіріп-шығуы үшін 537 нысан анықталып, бейімделуде. Оның ішінде; 315 – мемлекеттік мекемелер болса, 222 – жекеменшік мекемелер.
Биылғы жылдың соңына дейін 188 мемлекеттік нысандар бейімдеуден өтіп бітеді. Ал, қалған 127 мемлекеттік нысан Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының келісімімен келесі жылы бейімдеуден өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 190 жекеменшік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Ал, қалған 32 жекеменшік нысандарда жыл соңына дейін бейімдеу жұмыстары аяқталатын болады.

«Өрлеу» бағдарламасы  бойынша шартты ақшалай көмек

 

Сұрақ: Шартты ақшалай көмек кімдерге  және қанша айға тағайындалады  ?

Жауап: Шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы орташа  айлық табысы  ең төменгі күнкөріс деңгейің ( 20797 теңге )  60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем. 

Бүгінгі таңға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (20797тг) 60 пайызы  2017 жылдың 1 тоқсанына 12478 теңгені құрайды.

Шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалады  және де 6 ай аралығында жобаға қатысу кезінде қайта есептеу жүргізілмейді, қайта есептеу  отбасының санында өзгеріс болып жатса ғана жүргізіледі

 

Мысалы:

Отбасы құрамы  6 адам -күйеуі жұмыссыз, әйелі  7 жасқа дейін бала күтімінде,  отбасы табысы  ай сайын 8824 теңге көп балалы ана ретінде алатын арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

 

Отбасының бір айлық табысы 8824: 6 адам = жан басына шаққанда бір айға 1470,6  теңге.

 12478 теңге азық түлік себеті құны- 1470,6 теңге = 11007,4 теңге  бір адамға  шартты ақшалай  көмек (ШАК)

 ШАК 11007,4 теңге * 6 адам = 66044,4 теңге бір айға

 66044,4 теңге *6 ай  = 396266,4 теңге  отбасыға тағайындалатын ШАК-тың мөлшері




Пайдалы сілтемелер