«Қала күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

27.09.2017ж. Отбасы аллеясында жас отбасын құрған азаматтарға арналған «Қалындықтар шеруі» мерекелік іс шарасы өткізілді. Осы іс шараға 45 адам қатысты. Іс шара барысында Шымкент қаласы әкім аппаратының басшысы Р.Аюпов 10 жас жұбайларға салтанатты түрде неке қию куәлігін, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.

29.09.2017 жылы «Қала күні» мерекесіне орай қаланың ең жас азаматы 26.09.2017ж.т. Кеңесбек Баймырза Ғаниұлының құттықтау рәсімі өткізілді. Сәбиның анасы Нуртаева Гульназ Егенқызына қоларба, ойыншықтар, сәбиге арналған конверт және гүл шоғы табыс етілді.

Қала әкімдігі 110 жастағы қарт ана Айхан Дабароваға құрмет көрсету үшін үйіне барып, қарттар күнімен құтықтап, теледидар табыстады.




Пайдалы сілтемелер