«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек » туралы

2018 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енетін  жаңа   форматтағы  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек » туралы

Қазақстан  Республикасының  кейір заңнамалық  актілеріне  халықты  әлеуметтік  қорғау  мәселелері бойынша   өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу туралы      2015 жылғы  28 қазандағы №369-V  ҚРЗ  .

     «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек » туралы 2001жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1- тармағына сәйкес  әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін анықтайды.

  1. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек   дегеніміз не?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек   шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетілетін  болады. 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек »(бұдан  әрі-атаулы көмек)- жан басына  шаққандағы  орташа  айлық табысы  облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен  жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет  ақшалай  нысанда  беретін  төлем.

Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға ) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

  1. жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын  табысы аз адамдарға:

-«Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру туралы» Қазақстан   Республикасы Заңы 11-бабының 1- тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;

-бірінші немесе  екінші топтағы  мүгедектігіне;

-екі айдан  астам  еңбекке уақытша  қабілетсіздік  мерзімі  белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2)  отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы  мүгедектер болып табылатын және (немесе)  екі айдан  астам  еңбекке уақытша  қабілетсіздік  мерзімі  белгіленуі мүмкін   аурулары  бар және (немесе)  жеті жасқа  дейінгі баланы , мүгедек баланы , бірінші  немесе   екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді  жүзеге  асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек - жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын   еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ  жеті жасқа  дейінгі баланы , мүгедек баланы , бірінші  немесе   екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді  жүзеге  асыратын табысы аз отбасыларды қоспағанда , өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

  1. Атаулы әлеуметтік көмек   кімдерге тағайындалмайды ?

Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:

1) жан басына  шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асатын  адамдарға (отбасыларға).

2) кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік , орта білімінен кейінгі білім беретін  ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балаларды қоспағанда, олар  оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыларға.

3) атаулы әлеуметтік  көмек  тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған  адамдарға (отбасыларға)  тағайындалмайды.

3.Атаулы   әлеуметтік    көмекке   өтініш пен құжаттар   қайда  қабылданады?

Атаулы  әлеуметтік көмек   көрсетуге  өтініш беру- адам (өтініш беруші) өзінің атынан  немесе отбасының  атынан атаулы әлеуметтік  көмек көрсетуге белгіленген үлгідегі өтінішпен  және тізбесін   орталық  атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша -  жұмыспен  қамту  орталығына  жүгінеді.

 

 

   2.  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек »тағайындау кезінде  адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу  тәртібі

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының жиынтық табысы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жәрдемдесуді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталығы  есептейді.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан  тыс   жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі,олар:

1) еңбекақы,әлеуметтік төлемдертүрінде алынатын табыс;

2) «Неке (ерлі-зайыптылық) және  отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыс;

3) жеке қосалқы шаруашылықтан-мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс

4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс

5) жылжымайтын  мүлікті және  көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс;

6) бағалы қағаздан түсетін табыс;

7) жылжымайтын  мүлікті,  көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған табыс;

8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетін табыс;

9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;

10) ақша салымдағы және депозиттер бойынша сыйақылар(мүдде) түріндегі табыс

11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс

12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және  (немесе) заттай түрдегі табыс.

Жылжымайтын  мүлікті және көлік құралдарын жалға  беруден және сатудан түсетін табыстар мен     конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және  (немесе) заттай түрдегі табыстар алынған  уақытта ескеріледі және өтініш  берушінің еркін нысандағы  жазбаша өтінішімен расталады.

Жылжымайтын  мүлікті және  көлік құралдарын жалға беруден түскен  табыс      мүліктік жалдаудың (жалға берудің ) келісімшартының көшірмесін ұсынумен расталады.

Мүліктік жалдаудың (жалға берудің) келісім шарты болмаған жағдайда жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралдарын жалға беруден алынған табыс  өтініште  адам (отбасы) көрсеткен мөлшерде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен боламайтын мөлшерде ескеріледі.

Адам (отбасы) көрсеткен , жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралдарын сатудан алынған табыс сатып  алу-сату шартының  көшірмесімен расталады.

Мыналар  отбасының  жиынтық табысын есептеу кезінде  жеке тұлғаның табысы ретінде  қарастырылмайды:

1)атаулы әлеуметтік көмек

2)тұрғын үй көмегі

3)жерлеуге арналған біржолғы  жәрдемақы

4)отбасына   төтенше   жағдайлар салдарынан  денсаулығы  мен  мүлкіне келтірілген  зиянды  өтеу  мақсатында көрсетілген көмек;

5) бала тууға  байланысты  берілетін біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақылар;

6) күнкөрісі  төмен  отбасылар қатарындағы білім алушыларға  білім беру ұйымдарында ҚР білім беру  саласындағы заңнамасына сәйкес  көрсетілетін  қаржылай  және материалдық көмек.

7) азық –түлік өнімдері бағасының қымбаттауына  байланысты   «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның  мөлшерлерін  белгілеудің  және мұқтаж  азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін  айқындаудың үлгілік қағидаларын  бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес  мемлекеттік  бюджеттен және өзге  де көздерден  көрсетілетін ақшалай  немесе зат  түріндегі көмек.

8) облыстарда,республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалыптасқан  ең төмен күн көріс деңгейін есептеу кезеңінде  белгіленген  кедейлік шегінен төмен жалпы сомасы  ақшалай  және зат түрінде (құнын бағалауда) көрсетілетін қайырымдылық  көмек.

9) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу.

10) протездеу уақытында   азаматтарды  ұстау.

11) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге   емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны.

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес көрсетілген заттай көмек түрлері:

Дәрілік препараттар;

Санаторлық-курорттық емдеу;

Протездік –ортопедиялықи  бұйымдар (жасау және жөндеу);

Мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа  да  оңалту құралдары;

Тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім  туралы заңнамасына  сәйкес  көрсетілетін көмек.

13) ата-ананың  қарауынсыз қалған жетім баланы және (немесе) балаларды асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер.

Халықты жұмыспен қамту орталығы  өтініш берушінің  табыстарын  орталық атқарушы  органның  автоматтандырылған  ақпарттық жүйелеріндегі деректермен салыстырып тексереді.

Отбасының  жиынтық табысын есептеу кезінде құрамында бірге тұратын , ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша  бір елді  мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген сәтке дейін ескеріледі. 




Пайдалы сілтемелер