Зорлық-зомбылықсыз отбасыны қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 14.04.2017 жылғы отырысындағы хаттамаға сәйкес, әділет органдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында   «Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты   оқыту пилоттық жобасы бойынша,10.06.2017 жылы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәжіліс залында,АХАТ секторы қызметкерлері арасында  «Қазақстан және Орта Азияның отбасы туралы институтының»директоры Базарбаева Акбота  Алихановнаның бастамасымен жоғарыда аталған тақырып  негізінде оқыту өткізілді. Басты мәселелер ретінде:

  1. Әйелдердің конституциялық құқықтары,бостандықтары және заңды мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғаудың  жолдарын түсіндіру;
  2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы шараларды талдау;
  3. Ерлі-зайыптылардың қазіргі таңдағы өзекті мәселесі ретінде некені бұзудың алдын-алу, неке бұзылған жағдайда оның салдары туралы халыққа құқықтық және психологиялық  көмек көрсету туралы  
  4. Отбасындағы баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы түсіндірулер жүргізілді. 

      Оқыту соңында,отбасы институтын нығайтуға, зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға,Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдар тарапынан халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін мәлімдеді.

 

 

Шымкент қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

АХАТ секторы




Пайдалы сілтемелер