Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016  жылдың 2-тоқсанына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша мәлімет

 

Тақырыбы

Орындалуы

1

Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары бойынша «Нұр Отан» партиясы және құзырлы органдармен бірге іс шара жиналысын өткізу 1 шілдеге жоспарланып отыр.

2

Бөлімнің интернет ресурсында бөлімнің және бөлімге қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуін жалғастыру.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік сайтында, бөлімге қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыстар жүргілуде. Онда әлеуметтік сала шегінде және азаматтық хал актілерін тіркеу саласымен бөлімнің бағынысындағы          4 КММ- мекемелердің  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ақпараттар жинақталып отыр. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-де  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы семинар сабақ 2016 жылдың 24 ақпанында өткізілді. Орталық қызметкерлеріне жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңының және басқа да қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік актілер және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы мен қағидалардың талаптарын, ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі жайында 15.03.2016 жылы семинар-сабақ өткізілді.

6

Мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру.

Қала тұрғындарының өзекті әлеуметтік сұрақтары мен шағымдары үшін интернет-конференция арқылы сұрақтарына жауап беру жоспар бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайы туралы 2016 жылы 1 сәуірде бейнеконференция режимінде селекторлық жиналыс өткізілді.

 

7

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

Бөлім қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында «Шымкент келбеті» газетіне 2016 жылы 11 наурызында «Қоғам үшін қауіпті»! атты мақала жарияланды.

2016 жылы 20 мамырда «Панорама Шымкента» газетіне «Огласке – каждый факт» атты мақала жарияланды.

2016 жылы 3 маусымда «Шымкент келбеті» газетіне «Алдын алу жұмыстарын жүргізу» атты мақала жарияланды.

 

8

Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы жүргізу, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдескен жағдайдағы жауапкершілік туралы түсіндіру.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сенім телефоны арқылы мекемеге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу үшін арнайы журнал арналған. Бөлімнің 56-63-78 сенім телефон нөмірі болып белгіленген. Сенім телефоны «Шымкент келбеті», газетіне ай сайын жариялануда.

9

Билбордтарға «Сенім телефонының» нөмірлерін көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту.

Айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, бөлімнің 1-ші қабатында операциялық залының кіре берісіне жалпыға бірдей қолжетімді жерге «Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау» жәшігі орнатылған.

Бөлімнің сенім телефоны көрсетілген билбордты қаланың орталық көшелеріне ілу үшін қаржы қарастырылмаған.

Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері мекеменің 1 қабатында орналақан, әр айдың 20 күні пошта жәшігі тұрақты түрде тексеріліп отырады.

 

10

Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы мен бөлім басшысы орынбасарларының қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанына үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және азаматтардың өзекті сұрақтары бойынша облыстық «Нұр Отан» партиясында 3 рет, қалалық «Нұр Отан» партиясында 4 рет жиналыстар өткізілді.

Шымкент қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары 2016 жылдың 2 тоқсаныныда қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

11

Халықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпартқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу, жұмысын жетілдіру.

Шымкент жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сайтына халықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпартқа барынша қол жеткізу мақсатында, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты бөлімше ашу жұмыстары  жүргізілуде.

 

12

Бөлімде және Орталықтарда бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыруының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.

 «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  және оған қарасты мекемелер бойынша 2016 жылдың 2 тоқсанына бөлінген қаржы  3 170 687 мың теңге.

2016 жылдың 1 маусым айының жоспары 1 073 171  мың теңге,маусым айының  қорытындысы бойынша игерілетіні  1 063 742  мың теңге игерілді, ал объективті себептермен игерілмегені  9 430 мың теңге.

Жұмыспен қамту орталығы КММ-сі бойынша 2016 жылға қаралған қаржы  1 125 980 мың теңге, маусым айының жоспары  391 371 мың теңге, игерілгені 385 400 мың теңге, соның ішінде объективті себептермен игерілмеген қаржы 5 971  мың теңге (үнемделген қаржы жыл соңына дейін игеріледі және жабдықтаушының ҚҚС соммасын төлемейтіндігінен үнемделген қаржы).

«Белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» 2016 жылға қаралған қаржы 89 818 мың теңге,оның ағымдағы жылдың маусым айына жоспары 37 109 мың теңге, маусым айынының  қорытындысы бойынша  37 104  мың теңге игеріледі, игерілмейтіні 5  мың теңге (МСА-дан үнемделген қаржы)

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-і бойынша 2016 жылға қаралған қаржы  121 905 мың теңге, маусы айының  жоспары  52 468 мың теңге, маусым  айына игерілгені 52 452 мың теңге, игерілмеген қаржы  16 мың теңге (Дөңгелектеу есебінен)

«Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-і бойынша 2016 жылға қаралған қаржы  26 322 мың теңге, маусым  айының  жоспары  11 240 мың теңге, маусым айына игерілгені  11 235 мың теңге, игерілмеген қаржы  5 мың теңге (Дөңгелектеу есебінен)  

13

Мемлекеттік сатып алу жоспарын, конкурстар мен олардың қорытындысын ВЕБ-порталда уақытылы жариялау

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және бөліміге қарасты мекемелер  бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 401 122,8 мың теңге, барлығы 418 мемлекеттік сатып алу жүргізілген.

Оның ішінде:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша 160 жарияланды.

Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша      196 келісім шарт түзілді.

14

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын дұрыс қолдану бойынша және кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған прокуратура органдары және уәкілетті органдармен бірлесе құқықтық сабақтар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

 Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бағыныстағы мекемелерінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын дұрыс қолдану бойынша және кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған прокуратура органдары және уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, құқықтық сабақтар ұйымдастырылып жұмыстар жүргізілуде. 

15

Бөлімде және бөлімге қарасты Орталықтарда өткізілетін барлық іс-шараларының 100 пайыз контентінің кемінде 5 пайыздық контенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттармен қамту.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі тарапынан ұйымдастырылып өткізілетін барлық іс-шараларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттармен қамтылуда.

16

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы жария есептерін беру.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және қарасты мекемелерінде квазимемлекеттік секторлар жоқ.

 

 

                  Бөлім басшысының 

                  міндетін атқарушы                                Б.Қуанышбеков

 

 

 

 Орындаған: Н.Әбдіхан

                    Н.Ордабеков

 тел:56-63-78




Пайдалы сілтемелер